+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Қазақстан Елшісі Әзербайжан Президентіне сенім грамотасын тапсырды

2019 жылғы 14 қазан 16:35
Бөлісіңіз:
Қазақстан Елшісі Әзербайжан Президентіне сенім грамотасын тапсырды

БАКУ. ҚазАқпарат — Бүгін Қазақстанның Елшісі Сержан Әбдікәрімов Әзербайжан Президенті Илхам Әлиевке сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның Елшісі Португалия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды Мұхтар Тілеуберді  Испанияға сапарлайды Мұхтар Тілеуберді АҚШ-қа ресми сапармен барады

Сұхбат барысында Әзербайжан Президенті Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен тығыз байланыс орнатылғанын, оның Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұсында қарқынды дамып келе жатқанын әрі екіжақты ынтымақтастықты стратегиялық әріптестіктің жаңа деңгейіне шығаруға мүмкіндік беріп отырғанын тілге тиек етті.

И.Әлиев инвестиция, сауда-экономика, отын-энергетика, транзит-көлік, ауыл шаруашылығы, мәдени-гуманитарлық және басқа салалардағы екіжақты және көпжақты өзара ықпалдастықты одан әрі нығайту жайлы пікірлерін айтты.

Өз кезегінде ҚР Елшісі Әзербайжан басшысына қабылдағаны үшін алғыс айтып, бауырлас екі мемлекет пен халықтың арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға бар мүмкіндігін жұмсауға әзір екенін білдірді.

Сондай-ақ, И.Әлиев С. Әбдікәрімовті елші лауазымына тағайындалуымен құттықтап, алдағы жұмысына табыс тіледі.

Авторы: Бекбау Тайманов



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT