Қазақстан Елшісі Арменияның Экономика министрімен кездесті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - - Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Арменияның Экономика министрі, қазақстандық-армян экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Ваган Керобянмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әңгіме барысында Елші Қазақстан Үкіметінің елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайды одан әрі дамыту бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы хабардар етті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық және демократиялық реформалар бағытын түсіндіруге, сондай-ақ шетелдік инвестицияларды тартуға және Қазақстанның халықаралық міндеттемелердің мызғымастығына ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде армян тарапы Қазақстан басшылығының саясатына қолдау көрсетіп, елдеріміз арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екендігін білдірді. Бұл тұрғыда тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін, сондай-ақ 2021 жылғы 26 мамырдағы Үкіметаралық комиссияның 8-ші отырысының Хаттамасын орындау процесін және 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады. Министр 2021 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы өсуінің жоғары динамикасын атап өтіп, еуразиялық интеграциялық кеңістікте үлкен әлеует пен өсу перспективаларын пайдалана отырып, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру қажеттігі туралы айтты. Тараптар экономикалық күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша екі елдің мүдделері сәйкес келетініне назар аударып, тәжірибе алмасудың, бизнес-байланыстарды одан әрі жолға қоюдың және жаңа мүмкіндіктер іздеудің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан-Армения экономикалық ынтымақтастығын дамытуға қосқан зор үлесі үшін Елші Б.Иманбаев В.Керобянға Қазақстан басшылығының атынан «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалін тапсырды.


Соңғы жаңалықтар