Қазақстан елдің рухани жаңғыруын әртараптандыруда - «Мадьяр Немзет»

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Венгриялық белгілі «Мадьяр Немзет» басылымында танымал саяси журналист Габор Штирдің республикалық «Егемен Қазақстан» басылымында жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына сілтеме жасап жазған материалы жарияланды.

Онда Нұрсұлтан Назарбаевтың рухани жаңғырудың кең ауқымды бағдарламасын жария еткендігі айтылады. Аталған бағыт ағылшын тіліндегі пәндерді меңгеруді жеңілдетіп, көптеген пәндерді бастауыш сыныптарда-ақ Шекспирдің тілінде жүргізуге мүмкіндік бере отырып, технологиялық жаңғырудың өршіл бағдарламасын жүзеге асыруға ықпал етеді.

Бұл бағыттағы басты қадамдардың бірі - Қазақстанның 2018 жылдан бастап латын әліпбиіне көшу болып отыр. Мемлекет басшысы өзінің бағдарламалық мақаласында кириллица елімізде 1940 жылдан бастап, саяси себептерге байланысты енгізіле бастағандығын айтты. Ол кезде кириллица 1929 жылдан бастап қолдынылып келген латын әліпбиін алмастырды. Оған дейін қазақтар араб қаріптерін қолданып келді.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, жаңа әліпбиге көшу аса үлкен қиындықтар тудырмайды. Өйткені бүгінгі өскелең ұрпақ ағылшын тілін мектеп қабырғасынан бастап, меңгеріп келеді. Осыған қарай оларға латын әліпбиін қолдану аса қиынға соға қоймайды. Венгриялық сарапшылар бұны өркениетті бағыт алмастыру деп түсініп отыр. Алайда бұл саяси жағынан алғанда, Қазақстан Ресейге кері бұрылды дегенді білдірмесе керек. Қазақстан тек елдің рухани жаңғыруын әртараптандырғысы келеді.

«Тіл жағынан алғанда да, мәдениет жағынан алғанда да Қазақстан славяндарға қарағанда түрік әлеміне жақын. Осы тұрғыдан алғанда Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан Түркменстан, Әзербайжан, Өзбекстан сияқты өзінің геосаяси басымдықтары негізінде өркениеттің жаңа бағыттарын құруда»,-деп жазады венгриялық саяси шолушы.

Жалпы алғанда, автор рухани жаңғырту шараларын жоғары бағалайды. «Мадьяр Немзет» (Венгрия ұлты), 1945 жылы негізі қаланған Венгрия Республикасының жетекші баспасөз басылымы.

Соңғы жаңалықтар