Қазақстан ЕҚЫҰ шеңберінде халықаралық жүк тасымалы бойынша тәжірибелі жүргізушілерге виза алу үдерісін оңайлатуды талқылауды ұсынады

None
None
анның 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Қазақстан ұйымға төрағалық ету барысында ЕҚЫҰ шеңберінде халықаралық жүк тасымалы бойынша тәжірибелі, тісқаққан жүргізушілерге виза алу үдерісін оңайлатуды талқылауды ұсынатын болады.

 Бүгін елордада өтіп жатқан ЕҚЫҰ 18-ші экономикалық-экологиялық форумына дайындық конференциясы барысында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Константин Жигалов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы барысында көлік саласы мен транзит мәселесіне назар аударуы еліміздің көлік жүйесінде жаңа көкжиектерді бағындыруда және оның ғаламдық көлік желісіне ықпалдасуында маңызды орын алады. Сонымен қатар, бұл бағытта ЕҚЫҰ‑ға қатысушы мемлекеттердің де көлік қатынасы мен жүк тасымалы әлеуетін арттырудағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері ашылады. Бұл ретте ЕҚЫҰ‑ға қатысушы елдердің халықаралық дәліздерді бірлесе бақылау мен басқару тетігінде жаңа әдістерді енгізу қажеттігі де сезіледі. Соның негізінде халықаралық жүк  тасымалы мен өңірлік қауіпсіздік мәселесін қамтамасыз ету шаралары жүзеге асатын болады. Сондай‑ақ Қазақстанның ұйымға төрағалық ету сатысында біз ЕҚЫҰ шеңберінде халықаралық жүк тасымалы бойынша тәжірибелі, тісқаққан жүргізушілерге виза алу үдерісін оңайлатуды талқылауды ұсынатын боламыз», деді өз сөзінде министрдің орынбасары.

 Сонымен бірге, К. Жигалов ЕҚЫҰ аясында тарифтік реттеу мен трансқұрлықаралық жүк тасымалдау технологияларына қатысты мәселелердің де өзекті болып табылатынын атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар