Қазақстан ЕҚЫҰ мен Ислам конференциясы ұйымына төрағалық ету кезінде съезд ұсыныстары мен шешімдерін орындауға ұмтылатын болады

None
None
денің 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов / - Қазақстан ЕҚЫҰ мен Ислам конференциясы ұйымына төрағалық ету кезінде съезд ұсыныстары мен шешімдерін орындауға ұмтылатын болады.


Бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер  басшыларының ІІІ съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы Қазақстан ЕҚЫҰ мен Ислам конференциясы ұйымы бойынша әріптестерге съездің ұсыныстары мен шешімдерін мақсатты түрде жеткізіп отыратынын, сондай-ақ аталған ұйымдарға төрағалық ету кезінде оларды орындауға ұмтылатынын жеткізді.

 Қазақстанның бастамасымен шақырылған Әлемдік және дәстүрлі діндер  басшыларының  съезі қазіргі заманда діндер арасындағы жаһандық диалогының белсенді бөлігіне айналғанына тоқталған Президент, «ол маңызды рөл атқарады,  атап айтқанда рухани басшылардың, діндер мен халықтар арасында өзара түсіністікке ықпал етеді», - деді.

Алғашқы форум 2003  жылы ұйымдастырылғанын еске салып өткен Елбасы, «оған қатысушы әлемнің беделді дін басшылары декларация қабылдады. Онда конфессияаралық диалог халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімді қолдауда маңызды тетік ретінде аталды. Ал екінші съезд 2006 жылы өтті. Бұл қиын кезең болды, осы кезде Таяу Шығыстағы ахуал күрт күрделене түсіп, Иракта соғыс жүріп жатты. Сол уақытта Астанада жиылған әлемдік діндер басшылары мемлекеттерді  дилогтың жолынан таймау және Бейбітшілік пен келісімнің мәдениетін нығайту бойынша шаралар қабылдауға шақырды», -деді.

Соңғы жылдары Ыстамбұлда, Мумбаида, Пешеварда, Бағдатта лаңкестік оқиғалар болғанын айтып өткен Н. Назарбаев, «Ауғанстандағы жағдай бұдан әрі ушығуда, онда экстремистер тағы да бас көтеруде. Олар өңірдегі тұрақтылыққа қатер тудыруда. Бұл елде өндірілген есірткі барлық әлемге жайылды», - деді.

Соңғы жаңалықтар