Қазақстан ЕҚЫҰ қатысушысы бола отырып Кәрі құрлықтың саяси ландшафтын өзгертіп отыр - Қ. Тоқаев

None
None
күйектің 25-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін елордада өтіп жатқан Азиялық саяси партиялар Халықаралық конференциясында сөз сөйлеген ҚР  Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Еуразия құрлығындағы рөліне ерекше тоқталып өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенат Төрағасының айтуынша, қазіргі Қазақстанда өңірлік экономикалық ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар қалыптасқан. Сонымен бірге, Қазақстан өңірлік беделді ұйымдарға, ШЫҰ-ға, ЕурАзЭҚ-қа белсенді қатысушы болып отыр. «Сонымен бірге, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының белсенді қатысушысы болған Қазақстан Кәрі құрлықтың саяси ландшафтын шынайы түрде өзгертіп отыр. «Еуропаға жол» атты мемлекеттік бағдарлама қабылдаған әрі Еуропа құндылықтарын жоғары бағалайтын  біздің еліміз, әрине өзіндік ұлттық және мәдени бірегейліктен ешқашан бас тартпақ емес.  Біз үшін мемлекеттік құрылыстағы алдыңғы қатарлы еуропа тәжірибелерін, үкіметтік емес секторды нығайту шаралары мен заң үстемдігі қағидаттарын бекіту секілді мәселелерді пайдалану аса маңызды болып табылады», деді Қ. Тоқаев.

Төрағаның айтуынша, Қазақстанның алдағы уақытта ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі осы ұйымға мүше мемлекеттердің ауқымды мәселелер бойынша өзара байланыс орнатуына тың серпін беретін мүмкіндік ретінде қарастырылады.  Бұның ішінде ең алдымен қауіпсіздік пен ынтымақтастық дүниесіне баса мән беріледі.  

Соңғы жаңалықтар