Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуде табысқа жететіндігіне нық сенімдімін - Грекия Елшісі Евангелос Денаксас

None
None
sp;  АСТАНА. Қарашаның 19-ы ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/  - Грекияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Евангелос Денаксас Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету барысында әскери-саяси,  экономикалық, гуманитарлық және экологиялық салаларда табысқа жететіндігіне сенімді. Ол бұл пікірін кеше, қаршаның 18-де елордада өткен грек және қазақ музыкасы мен әнінің концерті алдында білдірді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Грекияның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету барысында алға қойған негізгі мақсаттарын айта келе, «Мен ЕҚЫҰ-ға төрағалыққа дайындалу шеңберінде Қазақстан  маңызды жұмыстарды  атқарып үлгерді деп ойлаймын», деді.

Сонымен қатар Елші Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың жетекшілігімен еліміздің Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев басқаратын ведомствоаралық комиссияның, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Константин Жигаловтың жетекшілігімен мақсатты жұмыс тобының құрылғандығын атап өтті.  

 «Мен Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төраға ретінде барлық бағыттарда, атап айтқанда  әскери-саяси, экономикалық, гуманитарлық салаларда, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау мәселелерінде табысқа жететіндігіне нық сенімдімін. Өздеріңіз білетіндей, желтоқсанда Афиныда министрлер кеңесі өтеді. Онда ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы Грекия келесі жылы ЕҚЫҰ-ның төрағасы болатын Қазақстанға өз өкілеттігін береді», деді Евангелос Денаксас.

Соңғы жаңалықтар