Қазақстан экспорты 9 млрд долларға дейін өседі – Әлихан Смайылов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін мемлекет қаржылай көмекті екі есеге ұлғайтты. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін Үкімет басшысы Ресейдегі геосаяси оқиғалардан кейін тиісті дағдарысқа қарсы шаралар кешенін қабылдағанын айтқан еді.

«Ең алдымен ішкі нарықты отандық өніммен толық қамтамасыз ету шарасы бар. Ол үшін біз ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін қаржылай мемлекет көмегін биыл екі есе ұлғайттық. Өнеркәсіп өндірісіне келсек, біз арнайы отандық кәсіпорындарды және импортты алмастыру бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру және экспортты ұлғайтуға арнайы бағдарлама қабылдадық», - деді Әлихан Смайылов Ұлттық арнада «Жаңа Қазақстан» бағдарламасында.

Премьердің айтуынша, сол бағдарлама шеңберінде 700-ден астам инвестициялық жобалар іске асырылады.

«Бұл жобалар негізінде біздің импорт көлемі 4 млрд долларға дейін азаяды және экспорт көлемі 9 млрд долларға өседі деген болжамдамыз. Сонымен бірге кәсіпкерлікті дамыту бойынша бірқатар нақты шаралар іске асырылуда, халықтың табысын арттыруға арнайы бағдарлама қабылданды. Осындай мәселелерді біздің Үкіметтің күнделікті жұмысы деп айтуға болады», - деді ҚР Премьер-Министрі.

Айта кетейік, Әлихан Смайылов Ресейге қатысты геосаяси жағдай мен оның елімізге әсері жөнінде пікір білдірген еді.



Соңғы жаңалықтар