Қазақстан экспорттайтын тауарлар бағасы қымбаттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда шетелге экспортталатын тауарлардың бағасы өсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

2018 жылдың желтоқсан айында бұдан бір ай бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда, 7,8 пайыз төмендеп, 2017 жылдың желтоқсанынан бастап 13,8 пайызға өскен, ал импортталатын тауарлар сәйкесінше 0,1 пайызға төмендеп, 7,9 пайызға өсті.

2017 жылмен салыстырғанда, 2018 жылы Қазақстанның шетелге экспорттайтын тауарлардың бағасы 22,6 пайызға, импорт тауарлары - 7,2 пайызға өскен.

2018 жылдың басынан бері экспорт жеткізілімдерінің ішінде темір кені (26 пайыз), табиғи газ (25,7 пайыз), марганец кені (22,1 пайыз), мыс (16,8 пайыз), мұнай (14,9 пайыз), ферроқорытпалар (14,3 пайыз), қара металл прокаты (10,5 пайыз), көмір (6,1 пайыз) бағалары көтеріліп, хром кені (19,3 пайыз), қорғасын (12,4 пайыз), мырыш (8 пайыз) бағалары төмендеген.

Арпа бағасы - 21,5 пайызға, бидай - 21 пайызға, мақта - 8,9 пайызға өскен, ал жүн бағасы 3,1 пайызға төмендеген.

Импорт өнімдерінің ішінде құс еті 34,7 пайызға, темекі - 31,8 пайызға, көкөніс - 15,2 пайызға, балық - 14,3 пайызға, қант - 13,2 пайызға, шай - 9,1 паайызға, маргарин - 3,7 пайызға, фармацевтикалық өнімдер - 3,4 пайызға қымбаттаса, какао - 4,3 пайызға, өсімдік майы - 5 пайызға, кофе - 0,3 пайызға арзандады.

Аяқ киім бағасы 27,8 пайыз, шиналар - 21,7 пайыз, құрылыс материалдары - 15,8 пайыз, қағаз - 15,1 пайызға қымбаттады.

Автор: Асхат Ахметбеков

Соңғы жаңалықтар