Қазақстан экспорттайтын өнімдер бағасы 11,6% арзандады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы сегіз айда Қазақстаннан экспортталған тауарлардың бағасы 11,6% төмен болды, ал импорт 2,2% қымбат келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ақпаратына сәйкес, биылғы тамыз айында оның алдыңғы аймен салыстырғанда экспорттық жеткізілімдер бағасы мұнайға – 10,1%, мысқа – 9,7%, мырышқа – 9%, қорғасынға – 6%, мырыш кендеріне – 4,4%, ферроқорытпаларға 0,8% жоғарылады. Баға сондай-ақ арпаға – 1,8%, бидайға 1,1% жоғарылағаны тіркелді.

Импортталатын өнімдерден көкөністер – 6,1%, жемістер мен жаңғақтар – 4,6%, қант – 1,6%, құс еті – 1,5%, балық 1% қымбаттады. Ал күріш – 9,4%, өсімдік майы – 5,9%, темекі – 3,2%, кофе – 2,5%, шұжық өнімдері – 1,4%, макарон өнімдері – 1,3%, шай 0,3% арзандады. Сондай-ақ баға былғары шикізатына – 3%, аяқкиімге, қағазға – 2,7%-дан, машиналар, жабдықтар және көлiк құралдарына 0,7% жоғарылады. Фармацевтикалық өнімдерге – 6,9%, сүрекке – 1,1%, құрылыс материалдарына 0,2% төмендеді.


Соңғы жаңалықтар