Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.29 EUR 426.40
RUB 5.93 CNY 56.58
Jańalyqtar

Қазақстан экспортшыларына ҚХР, БАӘ және Иран нарықтарына шығу жеңілдейді

2019 жылғы 21 ақпан 10:08 517
Бөлісіңіз:
Қазақстан экспортшыларына ҚХР, БАӘ және Иран нарықтарына шығу жеңілдейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан экспортшыларына Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері мен Иран нарықтарына шығу жеңілдейді. Бұл туралы бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Жеңіс Қасымбек  айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, экспортқа бағдарланған компанияларға Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қаржылық қолдаудан тыс  көмек шаралары көрсетіледі.

«Экспорттаушыларға қолдаудың сервистік шараларын күшейту аясында ҚХР, БАӘ және Ираннан инспекциялық комиссияларды қазақстандық экспорттаушы кәсіпорындарға шақыру арқылы олардың нарықтарына оңай  шығуды қамтамасыз ету жоспарланған», - деді Ж.Қасымбек.
Қазақстан экспортшыларына ҚХР, БАӘ және Иран нарықтарына шығу жеңілдейді 

Оның дерегінше, 2019-2021 жылдары экспорттаушыларды қолдау шараларын күшейту үшін 500 млрд теңге жұмсалады. Аталған соманың 470 млрд теңгесі қаржылық, ал 30 млрд теңгесі қаржылық емес шараларды құрайды.  Қаржылық және сервистік шараларды күшейту әкімшілік және сауда кедергілерін еңсеруге мүмкіндік береді. Бизнеске әлеуетті сатып алушыны таңдауға, көлік шығындарын төмендетуге жол ашады.

«Жоғарыда аталған шараларды табысты жүзеге асырған жағдайда шикізаттық емес тауар экспортының көлемін 2020 жылға қарай 1,5 пайызға, 22,4 млрд долларға жеткізу жоспарланады»,- деді министр.

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT