Қазақстан экономикасының рецессия базасынан шығып келе жатқандығы байқалады - ҚР Статистика агенттігінің төрағасы

None
None
sp;АСТАНА. Қарашаның 16-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Соңғы айлардың макроэкономикалық көрсеткіштерінің динамикасынан Қазақстан экономикасының рецессия базасынан шығып келе жатқандығын байқауға болады.

Мұндай пікірді бүгін баспасөз мәслихаты барысында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттік төрағасының айтуынша, оған өнеркәсіп өндірісінің тамыз айынан бастап өрлеу динамикасы, ауыл шаруашылығындағы астықтың былтырғы жылмен салыстырғанда көбеюі басты себеп болып отыр. Сондай-ақ өрлеу динамикасын құрылыста, жүк тасымалдауда, байланыс саласында, саудада индексінің ұлғаюынан да байқауға болады.

«Біздегі жедел деректер бойынша 2009 жылдың қаңтар-қараша айларында ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) көлемі ағымдағы бағаларда  11202,6 миллиард теңгені құрайды. Нақты ЖІӨ-нің төмендеуі өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 2 пайыз. Жалпы, ЖІӨ құрылымында тауар өндірісінің үлесі 42,3, ал қызмет көрсету 56,4 пайыз болып отыр», деді ол.

Сонымен қатар елімізде азық-түлік тауарларының бағалары 2,4, азық-түлік емес тауарлар 7,4, ақылы қызмет көрсетулер 6,7 пайызға артқан.

Соңғы жаңалықтар