USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2,7 пайызды құрады

2021 жылғы 11 тамыз 09:41
Бөлісіңіз:
Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2,7 пайызды құрады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2,7 пайызды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында биылғы жеті айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуды талқылау кезінде Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан Түркиямен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырады – Әлихан Смайылов Әлихан Смайылов БАӘ Премьер-Министрінің орынбасарымен телефон арқылы сөйлесті Әлия Молдабекова валюта нарығындағы теңгерім мен тұрақтылыққа түсінік берді

«Осы жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2,7 пайызды құрады. Осы есепті кезеңде негізгі трендтер бойынша нақты сектордағы динамикалық және тұрақты өсу, қызмет көрсету секторындағы динамиканың жеделдеуі, өндіруші емес секторлардағы инвестицияның жоғары өсуі, сауда балансының оң сальдосының сақталуы байқалуда. Нақты сектор экономиканың орнықты даму факторы болып отыр. Осы жылдың қаңтар-шілдесінде нақты сектордағы өсім 3,6 пайызға дейін жеделдеді», - деді министр.

Оның айтуынша, іскерлік белсенділік қызмет көрсету саласында 2 %-ға дейін өсті. Салалар арасында ақпарат және байланыс, құрылыс, сауда, сумен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау жоғары өсім көрсетуде. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығында да жақсы өсім байқалып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT