Қазақстан экономикасының өсімі үдейді – ХВҚ болжамы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Кавказ бен Орталық Азия елдерінің басым бөлігі мемлекеттік қарыздарын төмендетті. Бұл жайында Халықаралық валюта қорының Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаменті директорының орынбасары Субир Лалл мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бюджеттік саясат балансы елдердің басым бөлігінде жақсарды және мемлекеттік қарыз төмендеді. Дегенмен, мемлекеттік қарыздың төмендеуі ішінара инфляция салдарынан жалпы ішкі өнімнің нақты мәнде барынша артуы, айырбас бағамының бастапқыдағы төмендеуінен кейін қалпына келуіне байланысты орын алды», - деді Халықаралық валюта қорының «Өңірлік экономика келешегі: Таяу Шығыс және Орталық Азия» баяндамасын таныстырған Субир Лалл.

Сонымен қатар ол Кавказ бен Орталық Азия өңірі елдерінің экономикалық өсіміне қатысты Халықаралық валюта қорының болжамын да жария етті.

«Кавказ бен Орталық Азия өңіріндегі өсім 2022 жылғы 4,8 пайызбен біркелкі, яғни 2023 жылы 4,2 пайыз болып, одан кейінгі жылы 4,5 пайызға дейін ішінара жақсарады. Бұл ақша-несие саясатының қазіргі қатаңдауының, Ресейден импорттаушы елдерге мигранттар қозғалысы мен таыс ағынының күтілген баяулауының, алтын мен ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің төмендеуінің топтасқан әсерін көрсетеді. Екінші жағынан, Қазақстанда оның өсімі 2022 жылғы 3,2 пайызға қарағанда 4,3 пайызға дейін жеделдеуі күтіледі. Оған мұнай өндірудің қалыпқа келуі және Теңіз кен орнында мұнай өндірудің кеңеюі септігін тигізеді», - деді ХВҚ өкілі.


Соңғы жаңалықтар