Қазақстан экономикасындағы жыл басынан бергі өсім – 3,3%

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкіметте Қазақстанның қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы қаралып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың баяндауынша, аталған кезеңдегі Қазақстан экономикасының өсу қарқыны – 3,3 процент.

«Негізгі трендтер бойынша есепті кезеңде нақты сектордағы жоғары өсу, қызмет көрсету секторындағы өсуінің жеделдеуі, оң сауда балансының сақталуы байқалды. Нақты сектордағы өсім – 3,4 процент, қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік – 2,5 процентке дейін ұлғайды. Салалар арасында құрылыс, ақпарат және байланыс, сауда, көлік және қоймалау, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тау-кен өндіру өнеркәсібі оң өсім көрсетті», - деді ҰЭМ басшысы бүгінгі Үкімет отырысында.

Сонымен бірге, негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқынының 4,5%-ке дейін жеделдеуі байқалады. Инвестициялар мемлекеттік басқару мен әлеуметтік қамсыздандыруда – 99,2%-ке, білім беруде – 74,8%, саудада – 26,4%, жылжымайтын мүлікпен операцияларда – 19,9%, қаржы және сақтандыру қызметінде – 17,3%, құрылыс саласында – 14,8%-ке өскен.


Соңғы жаңалықтар