Қазақстан экономикасындағы оң динамиканы сақтайтын 5 негізгі қадам қандай
«Орталық және жергілікті атқарушы органдарға келесі шараларға назар аудару ұсынылып отыр.
Бірінші – инвестицияларды тарту мен сүйемелдеу бойынша тиімді жұмыс атқару, инвестициялық жобаларды іске асырудың тұрақты мониторингін жүргізу.
Екінші – егін жинау және мал азығын дайындау көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша уақытылы шешімдер қабылдау, құрылыс жұмыстары маусымының аяқталуына дайындалу.
Үшінші – инфляцияға қарсы әрекет ету жөніндегі шаралар кешенін жедел орындау.
Төртінші – халықты вакцинациялау және шағын және орта бизнес қызметін қалпына келтіруге белсенді түрде қолдау көрсету.
Бесінші – «Еңбек» және «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламалары аясында жұмысқа орналастыру шараларын тиімді іске асыруды жалғастыру. Жоғарыда аталған шараларды іске асыру еліміздің макроэкономикалық тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді», - деді министр.
Сондай-ақ, ол халықты баспанамен қамтуда алға шыққан үш өңірді атады.