Қазақстан экономикасына үш есе көп су қажет - комитет

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда су ресурстарының жетіспеушілігін қазірден байқалуда. Бұл туралы Су ресурстары комитеті су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Марат Иманәлиев айтты, деп ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстанның су ресурстарын бірегей және басқа елдермен салыстырғанда көбірек сын-қатерге ұшырайтын әлсіз жүйе деп айтуға болады. Су ресурстарына жаһандық жылыну да ықпал етеді. Мұздықтардың еруі судың көбеюіне әкеледі, бірақ мұның уақытша әсер екенін атап өткен жөн. 2000 жылдары орташа көпжылдық өзен ағыны 120 текше км болса, қазір 102 текше метрді көрсетіп отыр. Бұл өзен ағыны туралы. 2030 жылға қарай кей болжамдарға сәйкес, өзен ағынының 99 текше километрге дейін қысқаруы мүмкін. Қазірдің өзінде біз су ресурстарының жетіспеушілігін сезініп отырмыз», - деді М. Иманәлиев Экология министрлігі ұйымдастырған ZOOM коференцияда.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы дамыған оңтүстік өңірлерде – Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында су ресурстары тапшы. Бұл облыстардың қолда бар су ресурстары таусылды.

«Нәтижесінде су тартудың өзі экологияға зиян келтіріп отыр, яғни біз суды табиғаттан аламыз. Біздің барлық су ресурстарымыздың 44%-ы Қытайдан, Ресейден, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан келетін трансшекаралық суларға байланысты. Оңтүстік өңірлер ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге үлкен үлес қосуда. Су ресурстары тапшылығының артуы кезінде суды тиімсіз пайдалану жағдайлары да байқалады.

Біздің еліміздің экономикасына үш есе көп су қажет. Әрбір дана өндіруге орта есеппен 129 текше метр су жұмсалады, ал АҚШ-та, Ресей Федерациясында 44 текше метр, Аустралияда 21 текше метр. Бұл, ең алдымен, судың тиімсіз шығындарымен байланысты, ауыл шаруашылығында тасымалдау кезінде судың шамамен 40% және одан да көп мөлшерін жоғалтамыз. Экономика салаларында да суды қажет ететін технологияларды пайдаланамыз», - деді Марат Иманәлиев.


Соңғы жаңалықтар