Қазақстан экономикасы жыл басынан бері оң өсім көрсетіп келеді - К.Мәсімов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 6 айындағы Қазақстан экономикасының өсімі оң нәтижеге шықты. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов өзінің туиттердегі аккаунтында мәлімдеді. Бұл туралы pm.kz хабарлады.

Естеріңізге салсақ, 14 маусымда ҚР Үкіметі отырысында алдағы уақытта Қазақстан экономикасы бейтарап деңгейге немесе әлсіз оң нәтижеге шығатыны туралы ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлімдеген болатын.

«Қаңтар-мамырдың қорытындысы көрсеткендей, төмендеу баяулады. Егер қаңтар-сәуірдің қорытындысы бойынша төмендеу 0,4 % болса, қаңтар-мамырда - 0,2 % болды, яғни бір айда біз 0,2 % ұттық. Және маусымға қарай экономика бейтарап деңгейге шығады деп күтілуде, яғни біз әлсіз болса да, оңтайлы нәтижеге шығамыз, немесе ЖІӨ құлдырауы тыйылады», - деген болатын Қ. Бишімбаев.

Сонымен қатар, ол ҚР Президенті ұсынған шаралар экономикаға үлкен өсімді көрсетуге септігін тигізе алатынын айтып өтті.

«Мемлекет басшысы бүгін бізге жүзеге асыруға тапсырған шаралар топтамасы экономиканы қолдауға мүмкіндік береді, біздің болжамымызға сәйкес ел экономикасының өсімі жыл соңына дейін 0,5 % болады деп күтілуде, бұл бекітілген ресми болжам. Дегенмен, мұнан да жоғары өсім болуы да ықтимал. Нақтыланған мәліметтерді шілдеде немесе тамыздың басында ғана ұсына аламыз», - деді Қ. Бишімбаев.

Соңғы жаңалықтар