Қазақстан экономикасы үшін доллардың оңтайлы бағамы қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Экономист Бауыржан Исабеков қазақстандық экономика үшін долларға қатысты теңгенің ең қолайлы бағамын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезеңде экономикамыз үшін ең қолайлы, оңтайлы және теңдестірілген бағам 1 долларға 450-470 теңгеге дейінгі бағам саналады. Өйткені бұл экспорттаушылар мен импорттаушылар, сондай-ақ ірі, орта және шағын бизнес субъектілері үшін тиімді», - деді Бауыржан Исабеков ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы берген сұхбатында.

Оның айтуынша, бұл белгіленген бағамды екі жағдайда қолдануға болады. Атап айтқанда, біріншіден, КСРО-да Сталин билігі кезіндегідей (алтын рубль) немесе Үкімет ұлттық валютаның кез келген бағамын төлей алатын Парсы шығанағындағы бірқатар араб елдеріндегідей алтын-валюта резервтерінің үлкен көлемі болуы керек. Екіншіден, тұтыну нарығының орнына өндірістік тауарлар нарығы болуы тиіс.

«Айтпақшы, ұлттық валютаның долларға қатысты қазіргі бағамы және экономиканың жай-күйі шағын және орта бизнес субъектілері үшін өте қауіпті. Сондай-ақ, ақша-кредит саясатын оңтайландыру мақсатында халықты да, валютаны сатып алушыларды да, сатушыларды да хабардар ету үшін ақпараттық жұмыс жүргізу қажет. Ұлттық банк пен ҚР Үкіметі деңгейінде валюта нарығына қатысушылардың алыпсатарлығын болдырмау бойынша озық шаралар қабылдау қажет», - деді сарапшы.


Соңғы жаңалықтар