+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Қазақстан экономикасы қарқынды дамуда - The Washington Times

2019 жылғы 16 мамыр 11:01
Бөлісіңіз:
Қазақстан экономикасы қарқынды дамуда  - The Washington Times

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - The Washington Times басылымы Қазақстан экономикасының қарқынды өсіп жатқаны туралы мақала жариялады. Онда елімізде білім деңгейі мен сыртқы инвестиция көрсеткіші өте жоғары екені жазылған.

«Қазақстан АҚШ үшін Еуразия жүрегіндегі ең маңызды мемлекеттердің бірі. Қазақстан - ірі мұнай өндіруші мемлекет. Ресей мен Қытай арасында орналасқан Қазақстан теңізге тіке шыға алмайтын ең үлкен мемлекеттердің бірі. Сонымен қатар Қазақстанның аумағы мен экономикасы Орталық Азия мемлекеттерінің барлығын бірге алғаннан да үлкен. Қазақстан АҚШ, Қытай, Еуроодақ, Ресей мен Орталық Азия мемлекеттермен жақсы сауда қатынасын орнатқан», деп жазады басылым.

Сонымен қатар, мақалада тәуелсіздік алғаннан кейіні соңғы отыз жылда Қазақстан экономикасы бес есе өскені айтылады.

«2000 - 2010 жылдар аралығында мемлекет экономикасының өсімі өте жоғары болды. Ал алдағы бес жылда экономика 4 пайыз жылдамдықпен өсіп отырады деген болжам бар. Қазақстанның сыртқы қарызы Ішкі жалпы өнімнің он пайызынан төмен, ал алтын қоры 100 млрд доллардан асады. Қазақстанда тікелей шетел инвестициясы мен білім көрсеткіші, сонымен қатар жан басына шаққандағы табыс көрсеткіші өте жоғары деңгейде. Сондай-ақ, Қазақстан Экономикалық тәуелсіз халықаралық индексінде топ 40 мемлекет қатарына кіреді. Яғни, бұл мемлекет жаһандық бәсекеге қабілеттілігі, бизнеске қолайлығы мен жаһандық кәсіпкерлік пен адам дамуына жақсы жағдай жасаған», - делінген мақалада.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: БАҚ, Әлем,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT