Қазақстан екі жер серігін ғарышқа ұшырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин Қазақстанның ғарыш саласындағы жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жылдың соңында бір тағы екі жаңа жер серігін ғарышқа ұшырайын деп отырмыз. Аталған аппараттарды Қазақстан мен Ұлыбритания мамандары құрастырды. Бүгінде аталған жоба 98 процентке дайын. Соның арқасында қазақстандық мамандардың бес бірдей жаңалығы сынақтан өтеді. Ол мамандардың барлығы Еуропа мен Ресейден тәжірибе жинақтап қайтқан», - деді М.Нұрғожин Қазғарыштың 25 жылдығына арналған форумда.

Аталған шара V халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ пен әскери теxника көрмесі аясында өтті. Ұйымдастырушылар - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ. 

Вице-министрдің айтуынша, бес жаңалықтың ішінде жер серігінің қызметтік платформасы бар. Ол жерді қашықтан зондау серіктерін өз жерімізде жасауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, ғарыш жүйесінің сегменті, жер серігінің борткомпьютері, оптикалық жүйе және күн датчигі бар. Бұның барлығы биыл алғаш рет ғарышта сынақтан өтеді.

«Әрине, маңызды жобалардың бірі - ғарыш аппараттарын құрастыру және сынақтан өткізу кешені. Ағымдағы жылы шілденің 1-іне дейін біз технологиялық құрал-жабдықтарды орнатуды аяқтаймыз. Екінші жартыжылдықта сынақ жұмыстарын бастаймыз. Ал желтоқсанның соңында аталған кешенді пайдалануға беруді көздейміз. Сол кезде біз ғарыш аппараттарын өзіміз құрастырып, өзге елдердің тапсырыстарында қабылдайтын боламыз. Бұл жоба «Airbus Defence and Space» компаниясымен бірлесіп атқарылып жатыр. Олар шамамен 29 млн еуро көлемінде қаржы құйды», - деп атап көрсетті М.Нұрғожин. 

Соңғы жаңалықтар