Қазақстан Эфиопияға гуманитарлық көмек көрсетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 желтоқсанда ҚР Үкіметінің шешімен Қазақстан Республикасы Эфиопияның табиғи апаттардың қатерін басқару жөніндегі ұлттық комиссиясына соңғы жарты ғасырда кездеспеген құрғақшылықтың салдарын жою мақсатында 50 000 АҚШ доллары көлемінде гуманитарлық көмекті тапсыру рәсімі болып өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстанның Эфиопиядағы елшісі Ерлік Әли рәсімдегі сөйлеген сөзінде: «Қазақстан Үкіметі мен халқы Эфиопия тұрғындарының қасіретіне бей-жай қарай алмады, сондықтан біз зардап шеккен халыққа қолдан келгенше көмек көрсетеміз», - деді.

Ерлік Әли Эфиопия халқы мен үкіметінің қазіргі қиыншылығынан тез арада құтылатынына сенім білдірді. Эфиопиядағы табиғи апаттардың қатерін басқару жөніндегі ұлттық комиссиясының басшысы М.Касса көрсетілген көмек үшін ҚР Үкіметіне зор алғысын білдіріп, кең пейіл қазақ халқына табыс тіледі. 

Соңғы жаңалықтар