Қазақстан ЕАЭО елдерімен саудада тепе-теңдікке қол жеткізуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бұл туралы сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова 17 шілде күні Минск қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының нәтижесін қорытындылай келе атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәселен, ЕҮАК отырысының шеңберінде қаралған негізгі мәселелердің бірі - өзара саудадағы кедергілерді жою болды.

«Тараптардың кедергілерді жою бойынша жүргізіп жатқан жұмысы қолданыстағы тәжірибенің жетілмегенін көрсетті. Тарап ЕЭК-тің қандай да бір бағалауынсыз кедергіні жою туралы хабарлай алады. Бұл ретте егер басқа тарап мұнымен келіспесе, онда ол ЕЭК-ке қайта өтініш білдіруіне тура келеді. Сондай-ақ қазақстандық тарап кедергілерді жою фактісін ЕЭК Алқасы мақұлдау қажеттігіне бастамашылық етті. Бұл бастаманы ЕҮАК отырысы барысында барлық тарап қолдады», - дейді сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова.

«Жалпы біз әріптестерімізді кедергілерді жою бойынша жұмыста жүйелілікті тәртіпке келтіруге шақырдық. Бұл әсіресе өзара сауда үлесі бар болғаны 14,3% құрағанда маңызды . Мысалға алсақ Еуропалық одақта бұл көрсеткіш 70% құрайды «, - деп Кушукова түсіндіріп кетті.

Мәселенің реттелуіне байланысты ЕАЭО трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестіктің ортақ қағидаларын ресейлік компаниялардың бұуы туралы істі тоқтату мәселесі бойынша талқылау болып өтті.

Жанель Кушукова түсіндіріп өткендей, «атқарылған жұмыстың барысында компромисске қол жеткізе алдық».

«Ресей компаниялары «Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ-ға өнімді тең және кемсітусіз шарттармен жеткізуге міндеттеме алды. Аталған мәселенің реттелуіне байланысты біз істің тоқтатылуымен келістік «, - деп хабарлады СИМ вице-министрі.

Бұрын ЕЭК «Новолипецкий трансформаторный комбинат» ҚАҚ мен «ВИЗ-Сталь» ЖШС қатысты трансшекаралық нарықта бәсекелестіктің ортақ қағидаларын бұзу мәселесі бойынша тергеп-тексеру жүргізілгенін («Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ өтінішінің негізінде) еске сала кетеміз. Тергеу нәтижесі бойынша 217,6 млн рубль сомасында айыппұл салу туралы ЕЭК Алқасының № 130 шешімі қабылданды. Бұл ретте ресейлік тарап бұл шешімге «вето» салған болатын.

Сауда шаралары бойынша ЕЭК шешімдеріне «вето» құқығын қолдануды реттеу мәселесін талқылай келе, тараптар тағы да консенсусқа қол жеткізе алмады.

«Біз «вето» құқығы абсолютті болуы тиіс деп санаймыз. Бұл ретте егер тарап оны пайдалануды шешсе, қандай да бір шарттар болмауы керек. Барлық елдердің экономикалық мүдделерін қанағаттандыратын шешім табылмайынша, Алқаның сауда шаралары бойынша шешімі қолданылмауы тиіс» , - деп атап өтті Жанель Кушукова.

ЕАЭО шеңберінде тауар таңбалау мәселесі бойынша таңбалауды енгізудің рәсімдік сәттерін реттеуге мүмкіндік беретін өкім қабылданды. Енді тараптар таңбалауды енгізу туралы 3 ай емес, 9 ай бұрын хабардар етеді.

«Бүгін Тауар таңбалау туралы келісімді тиімді жүзеге асыру мақсатында біз хабарлау мерзімін ұзартуды шештік. Қазақстандық тарап таңбалау өзара саудадағы кезекті кедергі болмауы тиіс екенін де атап өтті. Ұлттық таңбалау жүйесі өзара танылуы тиіс» , - деп түсіндірді сауда және интеграция вице-министрі.

Сондай-ақ, тараптар ЕАЭО «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке түзетулерді пысықтау үшін жоғары деңгейдегі жұмыс тобын құруға келісті.

«Әрине, біздің халық тек қауіпсіз және сапалы тамақ өнімдерін тұтынуы тиіс. Өнімде денсаулыққа зиянды препараттар болмауы керек. Осыған байланысты біз жұмыс тобын құруды және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша қолданыстағы техникалық регламенттің өзгерістерін пысықтауды қолдадық» , - деп түсініктеме берді Жанель Кушукова.

Ресей Федерациясында мемлекеттік сатып алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселесін талқылау маңызды мәселе болды, оның қорытындысы бойынша ресейлік тарап ЕАЭО мүше мемлекеттерінің уәкілетті органдары берген қорытындының негізінде олардың нарығына қол жеткізу қажеттілігімен келісті.

«ЕАЭО-ны қалыптастыра отырып, біз ЕАЭО елдерінен өнім жеткізушілер үшін мемлекеттік сатып алуда ұлттық режимді ұсыну бойынша міндеттемелер қабылдадық. Алайда, қабылданған Ресей Федерациясы Үкіметінің а.ж. 30 сәуірдегі № 616 және 617 Қаулылары керісінше айтады. Аталған қаулылардың нормалары ЕАЭО туралы шартта бекітілген міндеттемелерге қайшы келеді деп санаймыз. Мысалы қазақстандық кәсіпорындардың қазіргі қатысу деңгейін бізді мүлде қанағаттандырмайды. Сол ресейлік тарап орнатқан кедергілер ЕАЭО мүше мемлекеттері тауарларының мемлекеттік сатып алуға қатысу деңгейінің төмен болуына негізгі себеп болып отыр деп санаймыз» , - дейді Жанель Кушукова.

Тараптар Қазақстанның сериялық өнім сертификатын қолдану мерзімін тағы 6 айға ұзарту туралы ұсынысын қолдады.

«ЕҮАК отырысында тараптар Қазақстанның импорт кезінде баж салығының төмен ставкаларын қолданатын өнімге сериялық сертификатты енгізу бөлігінде қазақстандық бастаманы қолдаған. Пандемия жағдайында ұлттық заңнама мен ақпараттық жүйелерді өзгерту біз болжағаннан әлдеқайда ұзақ мерзімді алды. Сериялық сертификаттарды пайдалану мерзімін ұзарту біздің кәсіпкерлер үшін ЕАЭО бойынша әріптес елдердің нарығына қазақстандық өнімдерді әкелу рәсімін едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді» ,- деп түсіндірді сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова.

Еске сала кетейік, 17 шілдеде Минск қаласында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бастаған қазақстандық делегация кезекті Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысқан болатын.

Соңғы жаңалықтар