Қазақстан ЕАЭО аясында конструктивті жұмыс істеуге ниетті - Тоқаев

None
None
СОЧИ. ҚазАқпарат – Қазақстан Еуразия экономикалық одағы аясында конструктивті жұмыс істеуге ниетті. Бұл жөнінде Сочиде өтіп жатқан «Валдай» Халықаралық пікірталас клубының жылсайынғы XVI отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Еуразия экономикалық одағы аясында конструктивті жұмыс істеуге ниетті, - деп атап өтті Мемлекет басшысы. – Жағдайдың ушығуына байланысты туындаған қиындықтарға қарамастан, біздің ынтымақты бірлестігіміз беделді экономикалық ұйымға айналып келеді. ЕАЭО сауда серіктестері желісінің Сингапурдан Сербияға дейінгі кеңістікте қанат жаюы – соның жарқын дәлелі».

«Бүгін біз (Ресей президентімен – авт.) екіжақты келіссөз жүргізіп, стратегиялық әріптестік пен одақтық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға ынталы екенімізді тағы да растадық», - деді Мемлекет басшысы.

«Екіжақты келісім, сондай-ақ біз қол қойған интеграциялық келісім аясындағы құжаттар бойынша Қазақстан тарапынан өз міндеттерімізді жүйелі түрде орындайтынымызға сендіргім келеді», - деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сочиде өтіп жатқан «Валдай» Халықаралық пікірталас клубының жылсайынғы XVI отырысына қатысты. «Әлемдік құрылым: Шығыстан көзқарас» тақырыбымен өтіп жатқан «Валдай» Халықаралық пікірталас клубының жылсайынғы XVI отырысына Қазақстан Президентімен бірге Иордания королі Абдалла II, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев және Филиппин Президенті Родриго Дутерте қатысқан.

Соңғы жаңалықтар