+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Қазақстан ДЗМҰ-ға Өнеркәсіптік үлгілерді қорғауға қатысты құжатты тапсырды

2021 жылғы 13 қаңтар 16:32
Бөлісіңіз:
Қазақстан ДЗМҰ-ға Өнеркәсіптік үлгілерді қорғауға қатысты құжатты тапсырды

ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Бас директоры Дарен Тангқа 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманы Қазақстан Республикасының ратификациялауы туралы Құрал сақтауға берілді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
2020 жылы металлургия саласындағы өндіріс көлемі 2,6% артты - министрлік

Ратификациялық құжатты Женевадағы БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова табыс етті. Ратификациялау туралы Құралды табыстау рәсімі Еуразиялық патенттік ұйымы Еуразиялық патенттік ведомствосының Президенті Сәуле Тлеулесованың қатысуымен өтті.

Хаттаманың күшіне енуі Еуразия өңірі елдерінің өнеркәсіптік үлгілерін құқықтық қорғаудың жаңа мемлекетаралық жүйесін құруда маңызды оқиға болмақ.

Өнеркәсіптік үлгіге патенттің ауқымды қолданылу аймағы – Еуразиялық патенттеу жүйесіне қатысушы 8 мемлекет және барлық 8 елде (Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және Түрікменстан) бір басымдық күнін белгілеу мүмкіндігі осы жүйенің артықшылықтары болып табылады.

Өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеудің мемлекетаралық жүйесіне қатысу отандық тауар өндірушілер үшін жаңа идеялар мен бірегей бұйымдарға өз құқықтарын қорғау аумағын кеңейтуде жаңа мүмкіндіктер ашады, сондай-ақ шетелдік патент иеленушілер үшін Қазақстанның тартымдылығын арттырады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT