Қазақстан ДСҰ сауда және қоршаған орта комитетіне басшылық етеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 сәуір күні өткен Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) Бас кеңесінің отырысында 2017 жылға ДСҰ бас ұйымдарының төрағалары тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі, БҰҰ бөлімшесі мен Женевадағы өзге де халықаралық ұйымдардағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі Жанар Айтжанова сауда және қоршаған орта бойынша ДСҰ комитетіне басшылыққа тағайындалды.
«Бұл тағайындау ДСҰ-ға мүше мемлекеттердің Қазақстанға деген жоғары сенімін көрсетеді», - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
2017 жылы 11-14 желтоқсанда Буэнос-Айресте (Аргентина) өтетін XI ДСҰ Министрлік конференциясына дайындық аясында ДСҰ органдарының жаңа төрағаларына Министрлік конференцияда табысты нәтижелерге қол жеткізу үшін ұйым мүшелері арасындағы талқылауларды жандандыруда үлкен жауапкершілік жүктеледі.
Айтжанованы сауда және қоршаған орта бойынша ДСҰ комитетінің төрайымы орнына аймақтық Азиялық дамушы елдер тобы ұсынды, бұл топқа Қазақстан 2016 жылдың қараша айында қосылды.
- Орталық Азия СІМ өкілдері қауіпсіздік мәселелерін талқылады
- АҚШ-тың аналитикалық және қаржы құрылымдары Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі
- Израиль министрі еврейлерге пана болған қазақ халқына алғыс айтты
- Абай әні Түркияның Каппадокия өңірінде шырқалды
-
Тәуелсіздіктің алғашқы дипломатиялық депешесі қалай дайындалды
-
Түркияда Қазақстанның Тәуелсіздік күні тойланды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам