Қазақстан ДСҰ-ның жаңа ережелерін әзірлеуге белсенді қатысуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) қызметтері саудасының ішкі реттеу ережесін әзірлеу үдерісіне белсенді қатысуда. Ұйымның осындай ережелерді әзірлеу мандаты ДСҰ-ның Сауда қызметтер саудалау туралы бас Келісімі, атап айтқанда, лицензиялау жүйесін жетілдіруге бағытталған ережелерді әзірлеу туралы қамтамасыз етілген, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

ДСҰ мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелік шеңберінде Қазақстан бизнестің және инвестициялық қызметті жүзеге асырудың лицензиялау талаптары мен рәсімдерінің ашықтығын және болжамдылығын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді ескере отырып, ДСҰ ережелер жобасы  мемлекетіміздің Ұлттық экономикалық мүдделеріне толық сай келеді.

Бұл құжатқа лицензияларға, біліктілік талаптарына, қызмет көрсету саласындағы техникалық стандарттарға, сондай-ақ электрондық құжат айналымы мәселелеріне және қызмет көрсету бойынша рұқсаттарды тиімді басқаруға қатысты мәселелер кіреді. Ереже 2017 жылы 10-13 желтоқсан аралығында Буэнос-Айрес қаласында өтетін 11-ші ДСҰ министрлік конференциясында қабылданады деп күтілуде.

ДСҰ-ның қызмет саудасының ішкі регламентін қабылдаудың арқасында әкімшілік тосқауылдарды жоюға, лицензиялау рәсімдерін жеңілдетуге, сонымен қатар, мемлекеттік электрондық қызметтерді тиімді қамтамасыз ету арқылы қызмет көрсетушілердің бизнестерін Қазақстан нарығында қалыптастыруына оң ықпалын тигізеді.

Соңғы жаңалықтар