Қазақстан ДСҰ-ның мемлекеттік сатып алулар бойынша байқаушысы болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның осы мәртебеге қол жеткізу жөніндегі ресми өтініші 2016 жылдың 19-қазаны күні Дүнеижүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) мемлекеттік сатып алулар жөніндегі кезекті мәжілісінің аясында бірауыздан мақұлданды.

Мәжіліс Женевада (Швейцария) өтіп жатыр. Қазақстанға байқаушы мәртебесін беру туралы мәселе жөнінде ДСҰ комитетінің мәжілісінде Руслан Бекетаев баяндады.

Қазақстандық делегация құрамында сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алулар заңнамасы департаментінің директоры Сәбит Ахметов пен еліміздің Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері бар.

«ДСҰ-ның мемлекеттік сатып алулар келісімінің байқаушысы мәртебесін алу - Қазақстанның осы ұйымға кірудегі басты міндеттерінің бірі»,-деп келтіреді Руслан Бекетаевтың сөзін Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл Қазақстанның мемлекеттік сатып алулар жүйесінің алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарға сәйкес екендігінің дәлелі.

Женеваға сапары барысында ДСҰ бас директорының орынбасары Йи Сяньжунмен және ұйымның Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі хатшылығы атынан ДСҰ комитетінің төрағасы Джон Ньюхаммен және оның орынбасары Роб Андерсонмен келіссөздер жүргізілді.

Тараптар 2016 жылдың 7-8 қарашасында Астанада ұлттық семинар ұйымдастырып, оның барысында ДСҰ сарапшылары мемлекеттік орган өкілдері мен бизнес өкілдеріне ұйымның талаптарын түсіндіріп беретін болып келісті.

Қазақстандық делегация сондай-ақ Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) өкілдерімен болған жұмыс кездесуіне де қатысты.

Кездесу нәтижесі бойынша, ЕҚДБ өкілдері болашақта одан әрі дамыту мақсатында Қазақстанның мемлекеттік сатып алулар жүйесіне бағалау жүргізетін болып келісілді.

Комитеттің мәжілісі барысында АҚШ, Еуропалық Одақ, ҚХР, Тәжікстан өкілдері Қазақстанның байқаушы мәртебесін алуына орай құттықтау сөз сөйледі.

null 

Соңғы жаңалықтар