+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Қазақстан ДСҰ министрлер конференциясын өткізеді

2018 жылғы 28 қыркүйек 16:33
Бөлісіңіз:
Қазақстан ДСҰ министрлер конференциясын өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік сауда ұйымындағы ҚР елшісі Жанар Айтжанова 2020 жылы Қазақстанда өтетін министрлер конференциясының қандай нәтиже беретінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан 2020 жылдың маусым айында ДСҰ 12-ші министрлер конференциясын өткізеді. Бұл жиын тәуелсіздік алған сәттен бері Мемлекет басшысы жүргізіп келе жатқан ашық сауда-инвестициялық саясаттың қисынды жалғасы болып отыр», - деді Жанар Айтжанова журналистерге берген сұхбатында.

ДСҰ-дағы Қазақстан өкілі бұл конференцияны тарихи оқиға деп бағалады.

«Себебі, беделді ұйымның халықаралық сауданы реттеуге арналған мұндай министрлер форумы Еуроазиялық өңірде алғаш рет ұйымдастырылады. Соңғы кездері ірі державалар арасындағы сауда қарым-қатынасында шиеленістер байқалуда. Сондықтан, ДСҰ алаңы шиеленіске толы қарым-қатынас пен сауда қақтығыстарын шешуде маңызды болмақ. Қазақстан диалог пен өзара қарым-қатынас құру үшін ірі шараларды өткізетін алаң ұсыну бойынша өз саясатын жалғастырып отыр. Конференцияның басты тақырыбы - халықаралық сауда саласы мен қазір ірі ойыншыларды қанағаттандырмайтын ережелерді реформалау», - деп толықтырды сөзін Жанар Айтжанова.

Оның айтуынша, аталған жаһандық конференцияны өткізу Қазақстан үшін өте маңызды.

«Біріншіден, халықаралық сауда саласында ережелер қалыптастыруға, реттеуге және ұйымды реформалау процесіне қатысуға мүмкіндік береді. Осы арқылы өз экономикамыз туралы айтып, экономикамызды әртараптандыру мақсатында болашақ инвестицияларға мүмкіндіктер туғыза аламыз», - деп сөзін түйіндеді Жанар Айтжанова.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT