+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Қазақстан Doing Business рейтингінде үш саты жоғарылады

2019 жылғы 24 қазан 11:02
Бөлісіңіз:
Қазақстан Doing Business рейтингінде үш саты жоғарылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік банк «Doing Business» бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша рейтингте Қазақстанның позициясын 3 тармаққа – 28-ден 25-ке дейін көтерді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Бірыңғай валюталық одақ құру қарастырылған емес - Ерболат Досаев Қолма-қол ақшасыз төлемдерді тексеру ұсынысы талқылануда – Ұлттық банк Асқар Мамин бірқатар өңірдің әкіміне өнеркәсіп көрсеткіштерін жақсартуды тапсырды

«Doing Business» рейтингіндегі Қазақстан позициясын арттыру Үкіметтің әрекет етіп тұрған заңнаманы реформалау, рұқсат жүйесін жетілдіру, бизнес құру рәсімдерін жеңілдету, мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру және еліміздегі іскерлік ахуалды жақсарту жөніндегі жүйелі жүргізіліп жатқан жұмыстарының арқасында мүмкін болды.

Елбасы Н. Назарбаев және Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың тапсырмалары бойынша бизнесті дамыту үшін жағдайларды жақсарту жұмыстары әрі қарай жалғастырылады.

Дүниежүзілік банк жыл сайын бизнесті жүргізу жағдайларының қолайлылығы бойынша 190 мемлекеттің рейтингін жариялайды. Талдау 10 көрсеткіш бойынша жүргізіледі, оның ішінде жаңа бизнесті құруға жұмсалатын уақыт және ақшалай қаражат шығындары, құрылысқа рұқсат алу, электр энергетикасы инфрақұрылымына қолжетімділік, меншік құқығын тіркеу, несиелер алу, миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау, салық салу, халықаралық сауданы жүзеге асыру т.б. бар.

Қазақстан Исландия (26 орын), Австрия (27 орын), Ресей (28 орын), Жапония (29 орын), Испания (30 орын), Армения (47 орын), Беларусь (49 орын), Қырғызстан (80 орын) және көптеген басқа елдердің алдына шықты.

Doing Business рейтингісінде Жаңа Зеландия, Сингапур және Гонконг көш бастап тұр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT