Қазақстан «Doing Business» рейтингінде «Халқаралық сауда» индикаторын екіге бөлу туралы бастама көтерді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Doing Business» рейтингісінде Қазақстанның деңгейін көтеру мақсатында өткізілген жиын барысында ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин «Халқаралық сауда» индикаторын өзгерту туралы Қазақстанның ұсынысын білдірді.

«Халқаралық сауда» индикаторы бойынша қажет етілетін құжаттар аз.
Біз Бүкіләлемдік банкке «Халқаралық сауда» индикаторын екіге бөлуді немесе кедендік бақылау мен фискалды саясат деп бөлек шығаруды ұсындық», - деді Д.Ерғожин.

Оның айтуынша, Довос форумы рейтингінде Қазақстан аймақ бойынша алда тұр. Оның ішінде кедендік бақылау жасау мерзімі бойныша да Қытайды артта қалдырды.

«Қазақстан 122 орында тұр. Бірақ, мұнда тек кедендік бақылауға аса мән беріледі. Негізі, «Халқаралық сауда» индикаторына жүкті тасымалдау, жеткізу, арту, орау, және өзге де процедуралар кіреді. Біз бүкіл цикл бойынша тауарды алу мен экспортқа шығарып, тұтынушыға жету арасын бақыладық. Бұл жерде басым уақыт кеденге берілмейді. Барлық уақытты өнімді жеткізу, тасымалдау алады. Сорттау стансасында да сонша уақыт жоғалтады. Сондықтан, бұл индикаторды бөлу керек», - деді ол.

Қаржы министрлігі өкілі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің біріккен «Кедендік-салықтық кодексті» жасап жатқандығын айтты. Жаңа заңнама мамырда жазылады. Осы мақсатта Алматыда арнайы жұмыс тобы құрылды.

Аймақтық департаменттерге жергілікті кәсіпкерлердің пікірін жинау туралы тапсырма берілді. «Бұл жұмыстар кәсіпкерлікке қырын келетін тұстарды жойып, оларға қызмет көрсету мерзімін жылдамдату үшін жасалып жатыр», - деді Д.Ерғожин. 

Соңғы жаңалықтар