Қазақстан дипломаттары тағы екі мемлекетке визасыз бара алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парагвай мен Боливияға жұмыс бабымен баратын Қазақстан дипломаттары 3 айға визадан босатылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қаулы еткен құжат «Ашық» нормативтік-құқықтық актілер сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі Боливия көпұлтты мемлекетінің және Парагвай Республикасының Үкіметтерімен арадағы дипломатиялық және қызметтік паспорттар иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге келді. Оның ережелері де әзірленді. Бұл келісімдер 5 жыл мерзімге жасалды. Оған сәйкес, жарамды жол жүру құжаттары бар Қазақстан Республикасының дипломаттары аталған елдерге барғанда олардан 90 күн ішінде визалық талаптар сұралмайды», - деп көрсетілген қаулыда .

Қоса кетсек, таяуда Венесуэлаға баратын қазақстандық дипломаттар виза талаптарынан босатылуы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.




Фото: participants.allianceabroad.com


Соңғы жаңалықтар