Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры банк салымшыларына өтемақы беруді жеделдетпек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ) салымшыларға өтемақыны банк лицензиясынан айырылған күннен бастап аударуға ұсыныс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2018 жылы қазақстандық банк секторында үш бірдей ірі банк - «Астана банкі», «Qazaq Banki», «Эксимбанк» таратылған болатын.

«Төлем жасау мезгілінде басталып, барлық процедуралар дұрыс болса да, депозиттерге кепілдік беру жүйесі өзінің тиімсіздігін көрсетті. Қазақстан заңнамасына сәйкес жабылған банктердің салымшыларына өтемақы банкті күштеп тарату туралы сот шешімі шыққан соң 14 жұмыс күні ішінде жасала бастайды. Сот процесінің ұзаққа созылғанына байланысты үш банктің 286 мың салымшысы өтемақыны 9-10 ай бойы күткен болатын», - деді Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қорынан.

Қор өкілдерінің айтуынша, кейбір салымшылар барлық салымдарын да осы таратылған үш банкке салған.

Соңғы жаңалықтар