Қазақстан демократиялық дамуда тағы бір нық қадам жасады – ШЫҰ өкілі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде кеше өткен Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауының өту барысына тәуелсіз халықаралық байқаушылар баға беріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Миссия мүшелері сайлау күні дауыс беру сәті басталғаннан, дауысты санауға дейінгі процесті қадағалады. Сайлау барысын қадағалау Нұр-Сұлтан қаласы мен Қазақстанның басқа да өңірлерінде жүзеге асырылды. Сонымен қатар ШЫҰ-ның миссия мүшелері Қытайдағы Қазақстанның елшілігінде сайлаудың өту барысына мониторинг жүргізді. Сайлау күні қарсаңында және сайлау күні біздің өкілдер барлығы 118 сайлау учаскесіне барды. Сайлау учаскелерінде жұмыс барлық талаптарға сай жүргізілді», - деді Шанхай ынтымақтастық ұйымы бас хатшысының орынбасары, миссия басшысы Чжан Хайчжоу елордада тәуелсіз халықаралық байқаушылардың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, сайлау кезінде дауыс берушілермен қатар байқаушы және БАҚ өкілдеріне теңдей жағдай жасалған.

«Жалпы сайлау процесі және сайлау комиссиясының жұмысы ашық әрі әділетті түрде өтті. Байқаушылардың сұрақтары мен өтініштеріне сайлау учаскелерінде уақытылы жауап беріліп отырды. Тағы бір ерекше айтып өтетін сәт, сайлауалды жұмыстар және сайлаудың өту барысы БАҚ беттерінде кеңінен насихатталды. Қазақстан демократиялық даму жолында тағы бір нық қадам жасады. ШЫҰ миссиясы атынан Қазақстанның мемлекеттік, экономикалық –әлеуметтік одан әрі дамуына сәттілік тілеймін», -деді ол.


Соңғы жаңалықтар