Қазақстан демалысқа қолайлы топ-10 елдің қатарына енді

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан танымал Curly Tales сайтының нұсқасы бойынша демалысқа қолайлы ТОП-10 елдің қатарына енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, Curly Tales – food, travel, experiences & lifestyle сайты қазіргі заманғы көшпенділер тақырыбына арналған платформа.

Сайтта туристерге осы айда баруға кеңес беретін елдер бар.

Қазақстаннан басқа, бюджеттік бағыттардың рейтингіне Түркия, Грузия, Египет, Вьетнам, Лаос, Кения және басқа елдер кірген.

Рейтинг авторлары туристерге, мысалы, Шарын шатқалына барып, каньонның сұлулығын тамашалауды ұсынады.

Естеріңізге сала кетейік, осының алдында танымал британдық Condé Nast Traveller журналында жарық көрген The most breathtaking places to visit in Kazakhstan атты мақалада біздің елімізде саяхаттаудың негізгі бағыттары туралы жазған болатын.


Соңғы жаңалықтар