Қазақстан делегациясы Түркі кеңесі жас көшбасшыларының үшінші форумына қатысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 30 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Ош қаласында Түркі кеңесі жас көшбасшыларының үшінші форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Форум жұмысына Түркі кеңесі хатшылығының, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің басшылығы, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Әзірбайжан елдерінің делегациялары қатысты.

​Қазақстандық делегацияның атынан ҚР АҚДМ жастар және отбасы істері комитетінің жастар саясатын үйлестіру басқармасының басшысы Талант Оңғаров, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жарасым» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев, «Ұлан-Ғайыр дала елі» РҚБ басшысы Валихан Бахретдинов қатысты.

​Форум қорытындысы бойынша Түркі кеңесі елдері арасындағы жастар саясаты және Жастар бастамаларын қолдау саласындағы одан әрі ынтымақтастық пен бірлескен өзара іс-қимыл туралы қарар қабылданды.


Соңғы жаңалықтар