Қазақстан делегациясы ЕҚЫҰ-ның қысқы сессиясына қатысады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан делегациясы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Венадағы қысқы сессиясына қатысады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылғы 23-24 ақпан күндері аралығында Вена қаласында өтетін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының қысқы сессиясына Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің төрағасы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров бастаған Сенат делегациясы қатысады», - деді ресми өкіл ведомствода өткен апталық брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, іс-шара аясында қазақстандық делегацияның сөз сөйлеуі, комитет отырыстарының талқылауларына қатысуы, сондай-ақ Парламенттік ассамблея басшылығымен кездесулері жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар