Қазақстан делегациясы ЕҚЫҰ-ның антисемитизм конференциясына қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан делегациясы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) антисемитизм конференциясына қатысады. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, 4-5 ақпанда Братислава қаласында Словакияның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы аясындағы алғашқы ірі шара - Антисемитизмге қарсы күрес жөніндегі ЕҚЫҰ-ның халықаралық конференциясы өтеді.

«Конференциядағы Қазақстан делегациясын ҚР СІМ орынбасары Роман Василенько басқарады. Братиславаға сапар барысында оның ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы - Словакияның Сыртқы және Еуропа істері министрі Мирослав Лайчакпен, сонымен қатар елдің бірқатар мемлекеттік органының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізетіндігі жоспарланған», - деді А.Смадияров.

Соңғы жаңалықтар