Қазақстан делегациясы Бакуде өтіп жатқан сауда-экономикалық миссияға қатысуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Баку қаласына жұмыс сапары туралы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үлкен делегациямен Бакуге келдік. Мұнда сауда-экономикалық миссия өтеді, оған тамақ өнеркәсібі, машина жасау, IT, медицина, металл илегі, мұнай химиясы, құрылыс материалдары мен жабдықтарын өндірумен айналысатын компанияларымыз қатысады.

Айта кетейік, біз жолда болғанда, IT-шешімдер саласында жұмыс істейтін жергілікті, әзірбайжандық компания Қазақстанда бизнес-серіктестер мен өндірушілер іздеуде екенін айтқан болатын.

Біздің компанияларымыз өз өнімдерін және экспорттық мүмкіндіктерін түркі әлемінің барлық елдеріне ұсынады-Біздің миссиямыз Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің экономика және сауда министрлерінің 10-шы отырысы күндері өтуде.

Жақында мен сауда-экономикалық миссиялардың жұмысына сыни баға бергенін оқыдым, оларждың нәтижесі мен әсері жоқ деген секілді ой шығады екен. Мен бұған келіспеймін. Өткізілген алты сауда-экономикалық миссиялар арқасында жыл басынан бері 163 миллионға 40 келісімшарт жасалды. Тағы бір жүз миллион жаңа келісімшарттардан күтіледі - олар қазір қол қоюға дайындық кезеңінде» деп жазды министр.

Ведомство басшысының айтуынша, с ауда-экономикалық миссияға қатысу 100% келісім-шарт жасасуға кепілдік бермейді, бірақ әртүрлі елдер бизнесінің жеке байланыстары нығайып келеді.

«Бизнес бір-бірімен танысып жатқанда, біз әзербайжандық әріптестерімізбен үкіметаралық комиссияның кезекті 11 отырысын өткіземіз.

Күн тәртібінде сауда-экономикалық ынтымақтастықтың барлық салаларын қамтитын мәселелер бар. Оның ішінде, екі ел бизнес орталарының диалогы үшін «Қазақстан - Әзербайжан Іскерлік кеңесі» платформасын құру да бар.

Бүгін біз Әзербайжан экономика, қорғаныс өнеркәсібі, көлік, байланыс және жоғары технологиялар министрліктерінің басшыларымен екіжақты кездесулер өткіземіз» деп түйді сөзін Бақыт Сұлтанов.


Соңғы жаңалықтар