Қазақстан дәрігерлері жатыр мойыны обырын тегін тексереді
2018 жылғы 24 қаңтар 16:08

Қазақстан дәрігерлері жатыр мойыны обырын тегін тексереді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы ҚР Онкология және радиология ғылыми зерттеу институтында (ҒЗИ) алдағы сенбі күні әйелдерді жатыр мойыны обыры бойынша тегін тексеру өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталған ҒЗИ мәліметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы қаласында орналасқан Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-да 27 қаңтар күні жатыр мойыны обыры бойынша тегін тексеру жүреді. Сонымен қатар, мұндай тексерулер Дүниежүзілік обырмен күрес күні және жатыр мойыны обырына қарсы онкүндік шарасы аясында 27 қаңтар күні Қазақстанның барлық аймақтық онкодиспансерлерінде де өткпек.

«Қазақстанның әйелдері онкогинекологта тегін тексеріліп, дәрігер кеңесін ала алады. Қосымша мәліметтерді +7(727)292-90-63 телефон нөмірлері бойынша, ал аймақтарда жергілікті онкодиспасерлерден алуға болады», - делінген хабарламада.

Дәрігерлердің айтуынша, Қазақстанда жыл сайын 1700 әйел аталған дерт бойынша тіркеуге алынады және 600 адам осы дерттен көз жұмады. Жатыр мойыны обыры - Қазақстан әйелдері үшін омырау қатерлі ісігінен кейінгі екінші орында тұрған аса қауіпті ауыру. Жыл сайын әлем бойынша 500 000 адам аталған дерт бойынша дәрігерлер бақылауына алынғанымен әлемнің 260 000 әйелі жылына осы дерттің кесірінен өмірден өтеді.

Қазақстанда 2008 жылдан бері Ұлттық скрининг бағдарламасы бар. Мамандар 30-70 жас аралығындағы әйелдер 4 жылда 1 рет міндетті түрде тексерілуден өтіп тұруы қажет екенін қатаң ескертеді.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT