Қазақстан дәрігер мамандармен қамтамасыз ету жағынан әлемде 10-шы орынды алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл сайын еліміздің жетекші ғылыми орталықтары мен ЖОО-да 30 мыңдай маман біліктілігін арттырады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің селекторлық режімдегі алқа отырысында мәлім болды.

Жиын барысында «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың алдын ала қорытындылары тыңдалды. Ағымдағы жылдан бастап Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің ұйымды еркін таңдау, бәсекелестік, нәтижеге қарай ақы төлеу, «ақша науқаспен бірге жүреді» сияқты қағидалары емхана деңгейінде енгізілуде.

«Сапалы медициналық көмек - ең алдымен медициналық кадрлардың жоғары кәсіби біліктілігі. Мамандарды оқыту бағдарламалары икемді форматқа (модульдік, қашықтықтан, жұмыс орындарында) ауыстырылды. Жыл сайын еліміздің жетекші ғылыми орталықтары мен ЖОО-да 30 мыңдай маман біліктілігін арттырады. Шеберлік сабақтарына 17 елдің мамандары тартылды. 3 жылда 600-ден астам маман әлемнің үздік клиникаларына жіберілді. Әлемдік тәжірибеге сәйкес мамандардың білімдері мен машықтарын тәуелсіз бағалайтын орталықтар құрылды»,-делінген ведомсвтоның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Белгілі болғандай, Қазақстан дәрігер мамандармен қамтамасыз ету жағынан әлемде 10-шы орынды алады. Жалпы, республикада мамандар тапшылығы 10 пайызға, оның ішінде ауылдық жерлерде 28 пайызға төмендеді.

Тегін берілетін дәрілік құралдар тізімі оңтайландырылды. 2013 жылдан бастап бүкіл республика бойынша дәрілік қамтамасыз етудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі енгізілді. 3 мыңнан астам елді мекенде медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандары арқылы ауыл тұрғындарына дәрілер жеткізу ұйымдастырылды. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде дәрі-дәрмекке бағаны қалыптастыру тәртібі бекітілді.

Соңғы жаңалықтар