Қазақстан дамуының бүгінгі кезеңінде инновацияны дамыту маңызды рөл атқаруы керек -Үкімет басшысы

None
None
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстан дамуының бүгінгі кезеңінде инновацияны дамыту маңызды рөл атқаруы керек.

Бүгін Астанада өтіп жатқан «Инновациялық Қазақстан - 20 жылдық тәуелсіздік жолынан кейінгі болашаққа көзқарас» атты Инновациялық форумы жұмысы аясында Президенттік инновациялық клубтың жұмысына қатысқан Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті.

«Тәуелсіздіктің 20 жылында біз Көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығында көптеген бағытты жемісті игердік. Осы кезеңде біз әртүрлі циклды бастан кешірдік. Мәселен, 90 жылдары шетелдік инвестицияны тарта отырып, жеке секторды дамытудың циклынан өттік. Бұл бүкіл жүйенің сыр беріп тұрған қиын кезеңі еді. 2000-2007 жылдары аралығында да Қазақстан терең нарықтық экономика реформаларының жағымды нәтижелерін, жемісін көре бастады. Бұдан кейінгі 2007 жылғы кезеңнен бері әлемдік қаржы дағдарысы да Қазақстанға айтарлықтай әсер етті. Дегенмен, осы кезеңдердің бәрін біз сәтті игердік. Дегенмен, әрбір кезеңдердің де өзіндік айырмашылықтары болды», - деді К. Мәсімов.

Премьер-Министрдің айтуынша, 90-жылдары жеке сектор қатты жапа шекті. Сектор құлдырап кетпеуі үшін билік терең дағдарысқа қарсы шараларын қолға алды. Нәтижесінде Қазақстандағы мемлекеттің экономикаға араласуы 2001 жылы 2007 жылға қарағанда айтарлықтай болды.

«Сондықтан да, менің ойымша, біздің алдағы экономикалық саясаттың кезекті бағыты жеке бастамаларды дамытуды қолдауға байланысты болуы керек. Бұл ретте «Халықтық ІРО» жеке атап өтуге болады. Бұнымен қоса, менің ойымша, біздің дамуымыздың осы кезеңінде мемлекет инновацияны дамытуға маңызды рөл атқаруға мүмкіндігі бар және солай істеуі де керек деп білемін. Үкімет, ұлттық компаниялар, барлық деңгейдегі бюджеттер инновациялық үдерістің тиімділігін ынталандыруы керек. Ірі, жеке компаниялар, шетелдік компаниялар бұл үдеріске тартылады деп сенемін. Ал шағын және орта бизнеске бұл бағыттағы инновациялық жобаларда бәсекелесу ауыр болғанымен, әлемдік тәжірибеден ондай сектордың да қарқынды дамып отырғанын білеміз. Бұның өзі шағын бизнестің инновациялық компанияға айналуына жол ашады», - деді К. Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар