Қазақстан даму банкі жеке топтардың жеке банкіне айналған – Қасым-Жомарт Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан даму банкі жеке топтардың жеке банкіне айналған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан даму банкі қаржы-өнеркәсіптік және құрылыс топтарының ішінде таңдаулы тұлғалар тобының жеке банкіне айналды. Біз бәрінің аты-жөнін білеміз. Жоғары кабинеттерге кіре алатынын пайдаланып, олар өз жобаларын іске асыруда артықшылық алып отыр. Бұл жобаларға кеткен мемлекеттің қаражатын шағын және орта бизнеске жұмсауға болатын еді», - деді Қазақстан Президенті.

Cондай-ақ, ол Үкіметке Қазақстан даму банкінің қызметін қайта құруды жүктеді.

«Мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үдерістері ашық емес әрі тиімсіз болып қалуда. Бұл тәсілдерді түбегейлі қайта қарау керек. Бұл түсінікті әрі ашық тетіктер болуы керек», - деді Мемлекет басшысы.

Мәжіліс отырысында, Президент «Достарға – бәрі, қалғандарына – заң бойынша» қағидаты экономикадағы олигаполияны одан әрі күшейтетенін баса айтты.

«Мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі мен қолжетімділігі туралы әділ сұрақтар туындап жатыр. Қалыптасқан жүйе негізінен ірі құрылымдарға «достарға –бәрі, қалғандарына – заң бойынша» қағидатымен қызмет көрсетуге бағдарланған. Шын мәнінде қазіргі жүйе экономикадағы олигаполияны одан әрі күшейтеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар