Қазақстан даму банкі елімізде салынатын екі газ турбинасы стансысын қаржыландыруды бастайды

None
None
АНА. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/  - «Қазақстан даму банкі» АҚ-ы елімізде салынатын екі газ турбинасы стансысын қаржыландыруды бастайды. Бұл жайында аталған банктің төрағасы Ғали Есқалиев бүгін  www.bnews.kz порталында өткен Online-конференцияда мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, энергия тапшылығы бар Қызылорда облысында салынатын  бірінші стансының қуаты 87 МгВт-қа тең. Ал Оралда бой көтеретін екінші стансының қуаты - 54 МгВт.

«Батыс Қазақстан облысында энергия тапшылығы жоқ, дегенмен  бұл импортты алмастыратын жоба. Аталған жоба іске қосылғаннан кейін  облыс 100 пайыз энергиямен жабдықталатын болады», деді Ғ.Есқалиев.

Сонымен қатар банк төрағасы ҚР Үкіметі бекіткен 28 стратегиялық жобаның 19-ы Қазақстан даму банкінің қатысуымен қаржыландыру жоспарланғанын атап өтті.

«Қазақстан даму банкі   2011 жылғы    Қысқы Азия ойындары  қарсаңында  бой  көтеретін  Шымбұлақ тау шаңғысы кешені, Павлодардағы хлорлы-сілтілі өндірісі, Тараз ферроқорытпалар зауыты сияқты жобаларды қаржыландырады. Тағы да осындай 12 жоба бар. Қазіргі уақытта аталған жобаларды  қарастырып жатырмыз. Шешім әлі қабылданбағандықтан мен қазір ол жобалар туралы мәлімет бере алмаймын», деді ол.

Соңғы жаңалықтар