Қазақстан COVID-19-бен сырқаттану көрсеткіші бойынша 105 орында тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов Үкімет отырысында Қазақстанның эпидахуал бойынша әлем елдерінің арасныда қандай орында тұрғанын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемде КВИ-дің 248 миллионнан астам жағдайы тіркелген. Тәулігіне 300 мыңнан астам жағдай тіркеледі. 5 миллионнан астам адам қайтыс болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа өңірінің деректері бойынша соңғы екі аптада 53 елдің 45-інде сырқаттанудың өсуі байқалады», - деді Марат Шоранов.

Вице-винистрдің дерегі бойынша, соңғы 14 күнде сырқаттану деңгейі Мажарстанда барынша ұлғайған.

«Бұл елде ауру 230 пайыздан артық, Польшада – 200 пайыздан артық, Аустрияда – 100 пайыздан артық, Әзербайжан және Германияда 80 пайыздан артық өскен.

Сырқаттанудың өсуі Еуропаның 9 елінде төмендеді. Оның ішінде Израильде 57 пайыз, Түркияда 9 пайыз, Испанияда 7 пайыз кеміген. Қазақстанда соңғы екі аптада ауру 11 пайыз төмендеді.

Әлемдік рейтингке сәйкес 222 елдің ішінде Қазақстан сырқаттану көрсеткіші бойынша 105 орында, өлім көрсеткіші бойынша 102 орында тұр», -деді вице-министр.


Соңғы жаңалықтар