Қазақстан цифрлық технологияларға герман инвестициясын тартуға мүдделі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту үшін цифрлық технологияларға герман инвестициясын тартуға мүдделі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта көптеген ел үшін жаңа технологиялар дамудың стратегиялық басымдығы саналады. Қазақстан жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту, сонымен қатар жаңа жоғары технологиялы өңдеуші өндірісті құру мақсатында цифрлық технологияларға герман инвестициясын тартуға мүдделілік танытады», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары елордада өткен Қазақстан-герман бизнес форумында.

Сондай-ақ ол Қазақстан Германиямен инвестиция тұрғысында стратегиялық мәртебесін нығайта түсуге дайын екендігін баса айтты.

«Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, неміс инвесторларымен ынтымақтастық біз үшін айрықа маңызға ие екендігін атап өткім келеді. Біз герман бизнесінің өкілдеріне Қазақстандағы бірлескен жобаларын табысты жүзеге асыру үшін толықтай қолдау көрсетуге дайынбыз», - деді Роман Скляр.


Соңғы жаңалықтар