Қазақстан «Чунцин-Шыңжан-Еуропа» жаңа еуразиялық трансқұрлықтық теміржол магистралінің қатысушы елі болды

None
None
ЙЖІҢ. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Өткен сәрсенбі күні, 28 қыркүйекте Чунцин қаласында (Оңтүстік-Батыс Қытай) Қазақстан, Ресей, Беларусь, Польша және Германия теміржол ведомстволарының басшылары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бұл құжат «Чунцин-Шыңжан-Еуропа» темір жолы бойынша тұрақты қозғалыс ашуды және жаңа еуразиялық құрлықтық «көпірінің» бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ынтымақтастықты жандандыруды көздейді.

Теміржол Чунцин қаласынан (Оңтүстік-Батыс Қытай) басталып, Алашаңқай «ҚХР ШҰАӨ) стансысында қазақстандық теміржол магистралімен түйісіп, одан әрі Қазақстан, Ресей, Беларусь, Польша аумақтары арқылы немістің Дуйсберг қаласымен қосылады. Бұл бағыт тарихи белгілі Шығыс Қытай теміржолына қарағанда анағұрлым бәсекеге қабілетті, ол 1 000 шақырымға қысқа, жаңа бағыт бойынша жолға кететін уақыт 16 тәулікке жуық.

Бұл жобаға қатысушы елдердің теміржол ведомстволарының өкілдері теміржолдың бәсекеге қабілеттілігін нығайту, бағаны жетілдіру және тасымал уақытын қысқарту, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ортақ пікірге тоқайласты.

Соңғы жаңалықтар