Қазақстан чемпионы «Оман турының» екі дүркін жеңімпазы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан чемпионы былтырғы «Оман туры» танымал жарысындағы дебюттік жеңісінен кейін Оман көпкүндігінде ең үздік деп танылды. Бүгін «Астана» велошабандозы «Оман туры» жеңімпазының екінші титулын иеленді, деп хабарлайды sports.kz.

6-кезең Маската көшелерінде спринтпен аяқталып, ешқандай өзгеріс әкелген жоқ.

Осылайша, Алексей Луценко «Оман туры - 2019» жеңімпазы атанып, италиялық Доменико Поццовивоны 44 секундқа және испандық Хесус Эррадуды 47 секундқа артта қалдырды. Луценко чемпионның қызыл майкасынан бөлек, ұпай жіктемесіндегі үздік жасыл майканы иеленді.

Спринтпен аяқталған ақтық кезеңде италиялық Джакомо жеңіске жетті.

Соңғы жаңалықтар