Қазақстан чемпионатындағы үздік футболшысы анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Тараз» футбол клубының ойыншысы Серж Нюядзи Қазақстан чемпионатының сәуір айындағы үздік футболшысы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Сегіз жыл бұрын «Алмаз» жобасы іске қосылған болатын. Бұл жоба бойынша Қазақстан чемпионатының ең үздік футболшысы анықталады. Лауреаттарды Қазақстан Премьер-Лигасы командаларының бас бапкерлері мен футболшылары іріктейді. Бұған дейін «Алмаз» жобасы бойынша Ұлықбек Бақаев (2011/2012), Андрей Финонченко (2013), Бауыржан Исламхан (2014, 2016), Жерар Гоу (2015), Жуниор Кабананга (2017), Маркос Пиззелли (2018) сияқты ойыншылар жеңіс тұғырына көтерілген еді.

Енді 2019 жылғы сәуір айының жеңімпазы болып 27 жастағы «Тараздың» тоголық футболшысы Серж Нюядзи танылды.

Ал «Астананың» румыниялық легионері Дорин Ротариу. екінші орынға ие болды. Ол сәуір айында «гол+пас» жүйесі бойынша 3 гол соқты. Үшінші орында - «Тобыл» капитаны Азат Нұрғалиев.

Жалпы дауыс беру қорытындысы мынадай:

1. Серж Нюядзи («Тараз») - 14 ұпай

2. Дорин Ротариу («Астана») - 13

3. Азат Нұрғалиев («Тобыл») - 9

4. Абат Айымбетов («Ақтөбе») - 9

5. Марин Томасов («Астана») - 8

6-7. Ненад Эрич («Астана») - 7

Дмитро Непогодов («Ордабасы») - 7

8. Максим Федин («Тобол») - 7

9-10. Иван Пешич («Шахтер») - 6

Иван Маевский («Астана») - 6

Соңғы жаңалықтар