Қазақстан чемпионатында ең көп ойын өткізген футболшы марапатталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – «Тобыл» капитаны Азат Нұрғалиев Серік Жейлітбаев атындағы жүлдемен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2013 жылы Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасы 38 жастағы атақты қазақстандық футболшы, үш мәрте ел чемпионы Серік Жейлітбаевты еске алуға жүлде тағайындаған болатын. Бұл марапат Қазақстан чемпионатында ең көп ойын ойнаған спортшыға беріледі. Бұған дейін Нұрбол Жұмасқалиев, Самат Смақов, Қайрат Әшірбеков, Игорь Юрин, Ренат Абдулин және Мақсат Байжанов сияқты танымал футболшылар құрмет сыйлығының лауреаттары атанды.
2019 жылғы маусымның қорытындысы бойынша жүлдеге еліміздің бас құрамасының жартылай қорғаушысы,Қазақстан чемпионаттарында 416 матч өткізген қостанайлық «Тобылдың» капитаны Азат Нұрғалиев лайық деп танылды.
Азат Нұрғалиевті марапаттау рәсімі ҚР Сперкубогі финалы матчында өткізілді. Жүлде иегерін Қазақстан кәсіби футбол лигасының президенті Олжас Абраев марапаттады.


Соңғы жаңалықтар